Выйти
RU

Назарбаев: Әйелдердің өз тәнін саудалауы - масқара

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарымен кездесу барысында жастарды алға қойған мақсаттарын орындауға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Біз 9 адаммен танысып шықтық, негізінен 29 жеңімпазды тыңдауға болатын еді. Әрқайсысы өзі туралы айтты. Әрбірінің оқиғасы - бір-бір роман, толық фильм.
Бұл арқылы адамды тәрбиелеуге болады.
Мен әрқашан да адамның мүмкіндігі көп екендігін айтып жүремін. Бір қолсыз, бір аяқсыз жүзуден чемпион болып жатқандар бар емес пе?
Немесе Никита қанша жылдан бері күн сайын 3-4 сағат жаттығады. Ал ол жас, оған би билеген ұнайды. Барлық ұлы адамдарды осындай болған", - деді президент.

Мемлекет басшысы осында қатысып жатқан жастардың бәрі жетістікке өз күшімен жеткенін жеткізді. Елбасы ата-аналарды балаларын қолдауға шақырды.

"Балаға ғарышкер боласың, президент боласың деп айтасың. Ол болса өседі, өседі, сосын сүрінеді. Баланың қалаған мамандығына қолдау көрсету - ең маңыздысы сол деп айтқым келеді. Қандай кәсіп болсын, сіздер сияқты өз саласын жетік меңгерулері қажет...
Мен әрқашан жастарға үйді жинау ұят еместігін айтамын. Жұмыссыз болу ұят. Осыншама жұмыс бола тұра, әйелдердің өз тәнін саудалауы - масқара", - деді мемлекет басшысы.

Елбасы ғылымның дамуынан болашақта 500 мамандық жойылып кететінін еске салды. Ол келешекте роботтар үйді тазалап, тамақ дайындап, көлік жүргізуі мүмкін екендігін алға тартты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев: Әйелдердің өз тәнін саудалауы - масқара