RU
"Миллион кімге бұйырады" бағдарламасы астаналық студентке жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

"Миллион кімге бұйырады" бағдарламасы астаналық студентке жауап берді

Рассказать Вконтакте

"Миллион кімге бұйырады" бағдарламасының басшылығы астаналық студент Қорлан Қыдырмолданованың өздеріне қатысты айтқан пікіріне жауап беріп, оқиғаның мән-жайын баяндады. Бұл туралы бағдарламаның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Миллион кімге бұйырады" бағдарламасы астаналық студентке жауап берді

"Миллион кімге бұйырады" бағдарламасы астаналық студентке жауап берді

Басшылықтың мәлімдеуінше, кезекті бағдарламаға 10 ойыншының бірі ретінде астаналық студент Қорлан Қыдырмолданова келген. Студиядағы іріктеу кезеңінен өтіп, ортаға шыққан Қорлан 90 мың теңгенің сұрағынан сүрінген. Ал бағдарламаның шарты бойынша әр ойыншыға үш жеңілдік беріледі екен.

"Біріншісі – залдың көмегіне жүгіну; екіншісі – 50 де 50 жеңілдігі, үшіншісі – досқа қоңырау шалу. Қорлан Қыдырмолданова "Ыбырай Алтынсариннің азан шақырып қойған аты?" деген сұрақтың жауабын таба алмай, "Досқа қоңырау шалу" жеңілдігін таңдады. Ойынның шарты бойынша ойыншы іріктеуден өткен соң, 10 минуттық үзіліс жарияланады.
Үзіліс барысында редакторлар үш досына қоңырау соғып, ойыншының ортаға шыққаны жайлы ескертуі тиіс. Егер үш достың бірі телефон тұтқасын көтермесе, үйлестірушілер ойыншыға кімнің тұтқаны көтермегенін айтады. Бағдарлама редакторы Айдана Аламан тізімде көрсетілген үш нөмерге хабарласып, ескертті. Тізімде Қорланның әпкесі, мақала авторы Эльмира Асқарқызы да болған.
Эльмира Асқарқызы телефон тұтқасын көтерді. Алайда, қалған екі достың бірі телефон тұтқасын көтермеген. Айдана есімдерді шатастырып, үйлестірушілерге Эльмираның тұтқаны көтермегенін айтады. Сәйкесінше, үйлестірушілер бұл ақпаратты Қорланға жеткізіп, ойын барысында тұтқаны көтерген адамды таңдау керегін ескерткен. Солай Қорлан Қыдырмолданова "Досқа қоңырау шолу" жеңілдігі кезінде Эльмираға емес, басқа досына хабарласады.
Әрине, бұл тұста тізімде көрсетілген үш адамның аты-жөнінен жаңылысқан редактордан қателік кетті. Келеңсіз жағдай үшін Қорлан Қыдырмолдановадан кешірім сұраймыз. Редакторға қатысты жаза қолданылады. "Миллион кімге бұйырады?" - әлемнің 160-қа жуық мемлекетінде көрсетілген франшизалық жоба. Барлық елде бағдарлама ортақ ережеге сәйкес түсіріліп, эфирге беріледі. Әлемге әйгілі жобаға қазақстандықтардың қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені біз үшін де үлкен абырой, мәртебе. Сондықтан ойыншыларды іріктеу барысында, студиядағы түсірілім кезінде барлығын да адал әрі әділ атқару – біздің басты міндетіміз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, астаналық студент Қорлан Қыдырмолданова "Миллион кімге бұйырады" бағдарламасының редакторы алдап соққанын айтып, басынан өткен оқиғасымен бөліскен еді.

Сіздің реакцияңыз
8
1
0
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel