Выйти
RU

Назарбаев: "Қара майордың" туған-туысқандарына көңіл айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елбасы парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толу қарсаңында өткізілген бұл кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтіп, осы елдегі әскери іс-қимылдарға қатысқан азаматтар мен ардагерлерді айтулы күнмен құттықтады.

Сондай-ақ, Елбасы ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі Борис Керімбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туысқандарына көңіл айтты.

Бақытбек Смағұл Нұрсұлтан Назарбаевқа "Қазақстан ардагерлері" Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы тарапынан атқарылған жұмыстар мен кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәлімдеді.       

Еске сала кетейік, 12-ші ақпан күні Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Қарулы күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаевтың қайтыс болғаны хабарланды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев: "Қара майордың" туған-туысқандарына көңіл айтты