RU

Теміртауда өгей әкесін өлтіріп тастаған әйел бостандыққа шыға алмады

Теміртау тұрғыны өзінің науқас сіңлісіне тиіскен өгей әкесін пышақтап тастаған. Алайда, Қарағанды облысының сот коллегиясы бұл жайтты ескермей, оның жазасын жұмсартуды қанағаттандырмады деп жазады NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: UGC

Әйел адам науқас сіңлісіне өгей әкесі зорлық әрекет жасамақ болғанын қарт анасынан естіп, оған үш пышақ жарақатын жасаған.

Ашуға булыққан келіншек ер адамды асхана пышағымен жарақаттаған.

Сот оны тоғыз жылға бас бостандығынан айырған болатын. Әйел адам жазасын жұмсартуды талап етіп, апелляциялық шағым түсірген. Ол өз әрекетін ашуға бой алдырып істегенін алға тартты.

Алайда, құзырлы орган оның бұл өтініші орынсыз деп санады. Коллегия оның шағымын қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778502-temirtauda-gej-kesin-ltirip-tastagan-jel-bostandykka-syga-almady.html