RU
Қазақстандық шенеуніктер "Әулие Валентин күнін" атап өте ме?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық шенеуніктер "Әулие Валентин күнін" атап өте ме?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шенеуніктер "Әулие Валентин" күнін қалай тойлайтындарын және сүйіктілеріне не сыйлайтындарымен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Қазақстандық шенеуніктер Әулие Валентин күнін қалай атап өтетіндерін айтты

Коллаж: NUR.KZ

Ақтөбе әкімі Ілияс Испанов жұбайы Гауһарға не сыйлайтынын әлі шешпегенін мойындады. Бірақ міндетті түрде сыйлықты тосын сый ретінде ұсынатынын атап өтті.

"Гауһарға не сыйлайтынымды әлі шешпедім, бірақ бұл оған тосын сый болсын", - деді Испанов.

Ақтөбе облысының жастар саясаты басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов "Әулие Валентин" күнін тойламайтынын, сондықтан ешқандай сыйлық алмайтынын мәлімдеді.

"Атап өтпейміз. Әйеліңе гүл мен сыйлықты жай, мереке болмаса да сыйлауға болады", - дейді Күнтуов.

Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязов та бұл мерекені тойламайтынын мәлімдеді.

Бес баласы бар Павлодар облысының әкімі де "Әулие Валентин" күнін тойламайтынын жеткізді.

Ең қызығы "Бұл мейрамда "әйеліңізге не сыйлайсыз?" деген сұраққа, Болат Бақауов "Ол күнді қашан тойлаушы еді?" деп сұрақпен жауап берген.

Облыс орталықтарының ішінде ең жас әкім Әнуар Күмпекеев 14 ақпанды ешқашан тойламағанын және сүйіктісіне ештеңе әзірлемейтінін айтты.

Айта кетейік, Павлодар басшысының үш баласы бар.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel