RU
Ақтауда екі жасар баланың мұрнынан батарейка шықты (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ақтауда екі жасар баланың мұрнынан батарейка шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтау қаласындағы жекеменшік емханаға мазасыздық пен ұйқысыздық шағымдарымен келген екі жасар баланың мұрнынан батарейка табылған. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақтау дәрігерлері екі жасар баланың мұрнынан батарея алып шықты

Фото: lada.kz

Баланың ата-анасының айтуынша, сәбилері екі күн бойы ұйықтамаған.

Бүлдіршінді тексерген оториноларинголог ұл баланың мұрнынан батарейка барын анықтапты.

Емхана өкілдері бөгде зат алынғанын, қазір баланың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

Ақ халаттылар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып отыр.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel