RU
Ішіне есірткі қосылған тәттілерді балаларға сатпақ болған жігіт жаға ұстатты
Жаңалықтар Әлемде

Ішіне есірткі қосылған тәттілерді балаларға сатпақ болған жігіт жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда ішіне есірткі қосылған тәттілерді балаларға сатпақ болған азамат ұсталды. Тәртіп сақшылары одан зиянды заттар топтамасын тәркілеп, жас жігітті қамауға алған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Knet Police, portalrebenk.com Коллаж: NUR.KZ

Фото: Knet Police, portalrebenk.com Коллаж: NUR.KZ

Оқиға 12-ші ақпан күні, англиялық Кент графтігіне қарасты Грейвзенд қаласында орын алды.

Полиция қызметкерлері күдік тудырған көлікті тоқтатып, оның ішін тінту барысында тәттіге лық толы сөмкені аңғарған. Арнайы тексеріс нәтижесінде түрлі түсті мармеладтардың ішінде есірткі болғаны анықталды.

Оған қоса, бұл тәттілер арнайы балалар үшін жасап шығарылған көрінеді.

Полицейлердің мәлімдеуінше, оқиғаға қатысты 20 жастағы жігіт ұсталған. Ол "А" санатындағы есірткі заттарын сақтау әрі оларды сатпақ болғаны үшін айыпталып жатыр.

Сонымен қатар, ер адам көлікті тыйым салынған зиянды заттарды қолданып, жүргізгені үшін де жауапкершілікке тартылмақ. Полицейлер жігітті тергеу уақытында бостандыққа жібере салған.

Ұлыбританияда "А" санатындағы есірткі заттарына крэк, кокаин, экстази, героин, ЛСД, метадон, метамфетамин и галлюциногендік саңырауқұлақтар жатады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel