Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шамның орнына динамитті жағып жіберген келіншек көзінен айырыла жаздады

Опубликовано:

АҚШ-та қараңғыда шамның орнына абайсызда динамитті жағып жіберген әйел адам баспанасыз қала жаздады. Орын алған жарылыс салдарынан үйдің тас-талқаны шыққан дп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock: Facebook

Оқыс оқиға Коннектикут штатына қарасты Бриджпорт қаласында өткен жылдың қыркүйек айында орын алған.

Дауылдың кесірінен Катрина Гутьерестің үйінде жарық сөніп қалып, әйел адам жертөлеге шам алу үшін түскен. Қараңғыда шамға ұқсас затты тауып алған келіншек оны жағып жібереді.

Нәтижесінде, жарылыс болып, үйдің тас-таслқаны шығады. Анықталғандай, Катрина шын мәнінде шам емес, динамитті жағып жіберген.

Азаматшаның сол қолы, оң көзі, төсі мен иығын күйік шалған. Оның күйеуі мен екі баласы дін аман.

Оқиға орнына бірінші болып тәртіп сақшылар мен саперлар келіп жеткен. Катрина Гутьерес болса, бірден ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда ол ем алып жатыр.

Оқыс оқиғаға тап болған әйел үйінің бұрынғы иесінің үстінен сотқа шағым түсірді. Ол ер адамды жарылғыш заттарды үй аумағында тастап кеткені үшін айыптауда.

"Катрина ханымның барлық жарақаттары бұрынғы үй иесінің жертөлеге қалдырып кеткен жарылғыш заттарының салдарынан болды. Ол үй ішінде динамиттің барын біле тұра, оны алып кетпеген" , - деді келіншектің заңгері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1778532-samny-ornyna-dinamitti-zagyp-zibergen-kelinsek-kzinen-ajyryla-zazdady/

pixel