Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қылмыскерге ұқсайтын өскемендік жігіт Алматыда жазықсыз қамалып отыр

Опубликовано:

Өскемен тұрғыны Ақылбек Қаржыбаев күтпеген жерден өзінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталып жатқанын біліп, қатты таңғалған. Азамат өзіне халықаралық іздеу салынғанынан да бейхабар болып шықты. Бүгінде Алматыдағы тергеу изоляторына тоғытылған азамат өзінің жазықсыз қамалып отырғанын айтуда деп хабарлайды Алтайньюс.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz: Twitter

Қамауда отырғанына екі айдай уақыт болған Ақылбек Қаржыбаев ойда жоқта күдікті болып шығады. Жұбайымен бірге ипотекаға пәтер алған ер адам баспананың құжаттарын рәсімдеу кезінде өзінің халықаралық іздеуде жүргенін біледі.

Бұл ақпаратқа аң-таң болған азамат бірден заңгердің көмегіне жүгінген. Алайда, 24-ші желтоқсан күні полицейлер Ақылбекті өз үйінің ауласында жарының көзінше, тұтқындап Алматыға алып кетеді.

Ақылбекті 26-шы мен 28-ші мамыр арасындағы жасалған қылмыс үшін айыптап жатқаны белгілі болды.

Анықталғандай, қылмыстық топ Алматы қаласында әйел адамды қамауда ұстап, денсаулығына зиян келтіріп, ақша бопсалаған. Бұл іске күдіктілер қолға түсіпті. Бірақ араларында белгісіз себептермен Ақылбек те бар болып шықты.

Ал бұған аң-таң болған өскемендік азаматтың туыстары оның момын әрі байсалды адам екенін айтып, мұндайға қылмысқа баруы мүмкін еместігін алға тартып отыр.

Оған қоса, ер адам қылмыс жасалған уақытта Өскеменде жұмыста болған екен. Бұл жайтты оның әріптестері де растап отыр. Сондай-ақ, сол күндері Ақылбек жарымен бірге туыстарының тойына барған. Оған сол кезде түсірілген суреттер дәлел болмақ.

Алайда, Өскеменде қаннен-қаперсіз жүргенде, Ақылбек Қаржыбаевты тұтқынға алу жөнінде қаулы шығып қойған. Ал бұл істегі басқа күдіктілерге қатысты сот үкімі шығып, олар жазасын өтеуде.

Бүгінгі күні Ақылбектің қорғаушысы оны жәбірленуші келіншекпен және қылмыстық топ мүшелерімен кездестіруді талап етуде. Бірақ әзірге ол мүмкін емес. Оған жәбірленуші әйелдің сырқаттанып жатқаны себеп.

Айта кетейік, Ақылбек Қаржыбаевты үйінде босанатын күні жақындап қалған әйелі мен үш жасар қызы күтіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778549-kylmyskerge-ksajtyn-skemendik-zigit-almatyda-zazyksyz-kamalyp-otyr/

pixel