Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде кеме көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде көрген кеме сізге өміріңіздегі қандай өзгерістер жайлы белгі беретінін sonnik.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде кеме көру нені білдіреді?
Көрнекі сурет:topwar.ru: Facebook

Түсіңізде кеме көру көп ұзамай атақ-даңқыңыз өсетінін білдіреді.

Сонымен қатар бұл күш-жігеріңіздің артуын және қажырлы еңбектенетіндігіңіз жайлы белгі болуы мүмкін.

Түсіңізде кеме апатқа ұшыраса, кәсібіңізге қауіп төніп тұр деген сөз. Кеме апаты көзінде қайтыс болған болсаңыз, бар күшіңізбен еңбектену керек дегенді білдіреді. Жақын адамыңыз сізден көмек сұрауы мүмкін.

Егер кеме апатын алыстан бақылап тұрсаңыз, достарыңыздың басына қиын күн туғанда оларға көмектесе алмайтындығыңыз жайлы ескертеді.

Дауыл кезінде кемеде жүзіп келе жатқан болсаңыз, кесілімшарт жасауда көп кедергілер мен қиындықтар кездеседі деген сөз.

Егер түсіңізде кеме тоқтап, зәкір тастаған болса, шынайы өмірде елеулі өзгерістер болады. Отбасын құрмаған болсаңыз, көп ұзамай екінші жартыңызды кездестіретініңізді білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1778557-tsiizde-keme-kru-neni-bildiredi/

pixel