RU
Қарағанды облысында 81 млн-ға жөнделген мектеп жарамсыз болып қалған
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында 81 млн-ға жөнделген мектеп жарамсыз болып қалған

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысы Қызылжар ауылында осыдан бес ай бұрыни күрделі жөндеу жүргізіліп, мемлекеттік қаржыдан 81 млн теңге бөлінген мектеп қайта жарамсыз күйге түскен. Қабырғалары көгерген мектепте оқи алмаған 105 оқушы қысты күні далада қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: КТК арнасына кадр. Коллаж: NUR.KZ

Фото: КТК арнасына кадр. Коллаж: NUR.KZ

Бірнеше күн сабақтан қалған мектеп оқушылары енді көрші ауылға қатынап оқымақ. Ал бюджеттің миллиондарын сарп етіп жасаған жөндеу жұмыстарының сиқы елді түңілтіп отыр. 

"Миллиондар қайда кетті? Ақша алдың ба, енді істесеңдерші адам сияқты. Халық міне, ренжіп отыр. Балалармыз ауырып жатыр. Ертең төрт - бес жылдан кейін өкпесі ауырып шықса, "өздерің кінәлісіңдер" дейді", - деп күйінді Қызылжар ауылының тұрғыны Жанат Дүйсенбаева.

Айта кетейік, бұл мектеп 2015 жылдың көктемінде топан судың астында қалған. Осы жағдайдан кейін білім ордасының қабырғаларын зең басып, төбесі де опырылған. Жарамсыз мектептен шаршаған тұрғындар мен мектеп ұжымы былтырғы жылы шу шығарып, күрделі жөндеу жұмыстарына ақша бөлініпті.

Ал 2018 жылдың жазында бюджеттен бөлінген 81 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компания мектепті шенділерге өткізген.

Бастапқыда кем-кетігі жоқ мектеп бес айдың ішінде көгеріп, еденінің асты зеңге толып қалған.

"Ылғал немесе су білінген жоқ. Кепілдік бар жеті жылға берілген. 7 жылға дейін кетіретін шығар?! Қайда барады олар? Бәрібір балалар оқитын жағдайға жеткіземіз. Сот бар, заң бар. 81 миллионға жөнделді бұл мектеп, басқа жерінен енді ақау жоқ. Ал енді өз ақшасын алды ма , мердігер өзі жөндеп береді", - дейді Бұқар жырау аудандық білім бөлімі  бастығының міндетін атқарушы Айдар Оспанов.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel