RU
Қыздың пәктігі үйленетін жігітке қаншалықты маңызды? (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қыздың пәктігі үйленетін жігітке қаншалықты маңызды? (видео)

Рассказать Вконтакте

"Қалаулым" бағдарламасының кезекті санында қатысушылар арасында қыздардың пәктігі жайлы әңгіме өрбіген. Бағдарламаға келген жігіт ағасы қатысушы азаматтан "болашақ келіншегінің пәктігі қаншалықты маңызды екенін" сұраған. Ал Әзиз есімді қатысушы бұл тақырып өзін аса қатты алаңдатпайтынын мәлім еткен деп жазады NUR.KZ.

Фото:SN.kz

Фото:SN.kz

Бағдарламаның жасы үлкен қатысушысының пәктік жайлы сұрағы өзге жастардың арасында қызу талқыға түскен.

Жігіттердің бірі бұл тақырыптың маңызды екенін алға тартса, екіншілері қазіргі уақытта оның маңызы жоқтығын жеткізген.

Айта кетейік, бұл тақырып желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмаған.

"Қалай маңызсыз? Ол үйленер алдында қойылатын басты талап қой", "Маңызды болмаса, көрінгенді алыңдар", "Жігіттеріміз осылай талап қойса, қыздарымыз да өз абыройын сақтар еді", "Бекен дұрыс сұрақ қойды. Жауапкершілігі мықты жігіттер, мұндайды талап етеді".
"Ары таза қыздан өмірге саналы ұрпақ келеді", "Қазіргі еркектер ез болып кеткен", "Өзін сыйлайтын қыз абыройын аман-есен сақтайды", "Пәк болғанымен, мінезі нашар болса, ұзақ тұра алмайсыңдар", "Сонда зорланып, алданып қалған қыздар не істейді сонда?" деп желідегілердің пікір екіге жарылды.

Сіздің реакцияңыз
57
8
13
8
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel