RU
Данэлия Төлешова The World's Вest шоуында әділ-қазыларды таңғалдырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Данэлия Төлешова The World's Вest шоуында әділ-қазыларды таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова The World's Вest дарыныдалар шоуында әділ-қазыларды таңғалдырды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: junioreurovision.tv

Фото: junioreurovision.tv

Төлешова The World's Вest дарындылар шоуында америкалық Andra Day есімді әншінің Rise up әнін орындады.

Данэлия CBS арнасында Астана уақытымен 10.00 кезінде тікелей эфирде өнер көрсетті, ал оның видеосы YouTube желісінде жарияланды.

Қазылар алқасын қазақстандық әншінің ерекше күшке ие дауысы таңғалдырған.

Мәселен, актер Ру Пол Данэлияның тамылжыта орындаған әнін тыңдаған кезде тамсанғанын жасырмады. Ол Төлешованың орындауына өте жоғары бағасын берді.

Ал голливудтық актриса Дрю Бэрримор тіпті көзіне жас алды.

"Қатты ұнады. Біз шоуда осындай сәттің боларын күткен едік, даусыңды естіп, көзіме жас алдым", - деді ол.

Телеарнаның Twitter парақшасында @theworldsbestcbs Данэлияға дауыс беруге болады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel