RU
Оралда кіші баласы ыстан уланып көз жұмған отбасы қауіпті үйде тұруға мәжбүр
Жаңалықтар Қоғам

Оралда кіші баласы ыстан уланып көз жұмған отбасы қауіпті үйде тұруға мәжбүр

Рассказать Вконтакте

Оралдың Вагонник саяжайында Болдыревтар жанұясы көмір және отынмен жағылатын үйде тұруға мәжбүр. Ең сорақысы, пештен шыққан түтінге егіз баласының біреуі уланып өлген деп жазады "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көпбалалы отбасы кішкене баласы тұншығып өлген қауіпті үйде тұруға мәжбүр

Фото: mgorod.kz

Бұл баспанаға көпбалалы отбасы 15 жыл бұрын көшіп келген. Осы уақыт аралығында үйлері тозып, үй қабырғалары ыстан қарайып кетіпті.

Отбасының басты мәселесі - ескі пеш. Одан үнемі түтін шығатын көрінеді.

Жанұяда бес бала бар. Үшеуі мектепте оқыса, екеуі үйде. Кенжесі Ярославтың сыңары иіс газымен уланып, қайтыс болған.

"Үш жыл бұрын пештен түтін шығып, біз тұншыға бастадық. Ұлымды жерлегеннен кейін бөліп төлеп, газ өткізіп берулерін сұрадым. Бірақ олар бас тартты. Газ өткізу үшін жарты миллион теңге керек. Ондай ақшаны қайдан аламын?", - деді Елена.

Көпбалалы ананың сөзінше, газ құбыры тура үйінің жанынан өтеді екен.

"Пештің жапқышы істемейді. Даланы жылытып отырғандаймын, жылудың бәрі шығып кетеді. Кенжем үнемі ауырады. Менде астма пайда болды. Газ өткізуге көмектессе деймін", - деп мұңын шақты көпбалалы ана.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel