RU
Cпортшылар арасындағы ең әдемі 10 жұп (фото)
Жаңалықтар Спорт

Cпортшылар арасындағы ең әдемі 10 жұп (фото)

Рассказать Вконтакте

Түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып, аты шыққан спортшылар арасындағы әлемнің ең әдемі 10 жұбын Life.ru анықтап берді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: спортшылардың жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ
Фото: спортшылардың жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ

Фото: спортшылардың жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ

Анастасия Брызгалова мен Александр Крушельницкий

Кёрлинг спортымен айналысатын Анастасия Брызгалова мен Александр Крушельницкийді Пхёнчхандағы олимпиада ойындары кезінде бүкіл әлем таныған.

Оларды ресейлік "мистер мен миссис Смит" деп атайды. Спортшылар жаттығуда танысқан. Бастапқыда араласып көргенімен, арты сезімге ұласыпты.

Олардың айтуынша, екеуінің махаббатына бапкерлер де қарсы болған.

Александр мен Анастасия 2017 жылы заңды түрде некелерін қиған.

Ана Иванович мен Бастиан Швайнштайгер

Келесі жарасымды жұп - Ана Иванович мен Бастиан Швайнштайгер.

Неміс футболшысы мен Сербия теннисшісі 2014 жылы танысыпты. Олар бір-бірінің жарыстарын тамашалап отырған.

2016 жылы жазда футболшы мен теннисші қыз Венецияда үйленді.

2018 жылы олар ата-ана атанды.

Татьяна Волосожар мен Максим Траньков

Мәнерлеп сырғанаушылар Татьяна Волосожар мен Максим Траньков 2010 жылы жұп болып өнер көрсеткен.

2014 жылы Олимпиада олар екі алтын жеңіп алды.

Қазіргі уақытта Таьяна мен Максим спорттағы мансаптарын аяқтаған. Олардың бір қызы бар.

Татьяна Тотьмянина мен Алексей Ягудин

Мәнерлеп сырғанаушылардың арасында жұптар өте көп. Солардың ішінде Алексей Ягудин мен Татьяна Тотьмянинаның орны ерекше.

2009 жылы олардың Елизаветта есімді тұңғышы, 2015 жылы Мишель есімді екінші баласы өмірге келген.

Бірақ некелерін заңды түрде 2016 жылы қиған.

Елена Дементьева мен Максим Афиногенов

Фото: РИА Новости /Григорий Сысоев

Фото: РИА Новости /Григорий Сысоев

Жарасымды жұптың қатарында теннисші қыз Елена Дементьева мен хоккейші Максим Афиногенов бар.

Олар жеке өмірлерін көп жариялай бермейді.

Максим хоккей ойнауын жалғастыруда, ал Елена телеарнада жұмыс істеп жүр.

Бұдан бөлек, екі балаларын тәрбиелеп .

Дарья Домрачева мен Уле-Эйнар Бьорндален

Биатлон спорты да көптеген жүректерді табыстырды. Беларусь қызы Дарья Домрачева мен норвегиялық Уле-Эйнар Бьорндален бұл сөзіміздің дәлелі.

Олар 2016 жылы шаңырақ көтерді.

Алёна Заварзина мен Вик Уайлд

Ресейлік сноубордшы Алёна Заварзина америкалық Вик Уайлдты өзіне ғашық еткен. Тіпті жігіт азаматтығын ауыстырып, байрақты бәсекелерде ресейдің намысын қорғап жүр.

Сочи олимпиадасында жарасымды жұп көпшілікті таңғалдырды.

Вик Уайлд спортты жалғастыруда, ал Алёна Пхёнчхан олимпиадасынан соң мансабын аяқтаған.

Жақында екеуінің отбасы құрғанын естіп қалуымыз мүмкін.

Елена Исинбаева мен Никита Петинов

Фото: Super.ru

Фото: Super.ru

Жеңіл атлетші Елена Исинбаева жеке өмірін көп уақыт жасырып келді.

Ол өзінен он жас кіші Никита Петиновпен әлеуметтік желі арқылы танысып, шаңырақ көтерген.

Олардың екі баласы бар.

Евгения Канаева мен Игорь Мусатов

фото: life.ru

фото: life.ru

Атақты ресейлік гимнастшы Евгения Канаева хоккейші Игорь Мусатовпен көңіл жарастырыпты. Спортшы жігіт Лондон олимпиадасынан кейін сүйгеніне ұсыныс жасаған.

2013 жылы жарасымды жұп некелерін қиды. Олардың бір жылдан соң балалары өмірге келді.

Мирослава Вавринец мен Роджер Федерер

Теннисшілер Мирослава Вавринец пен Роджер Федерер - спортшылар арасындағы әлемдегі әдемі жұптың бірі.

Олар 10 жыл кездесіп, 2009 жылы үйленуге бел буған.

Мирислова Федерерге екі рет егіз сыйлаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel