RU
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Ақтау қалалық сотының басшысы Мәлік Кенжалиевтің мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады. Ол судьяны жайбарақат жұмыстан босата салуға болмайтынын айтты. Асанов ол үшін бірнеше бөлімнен тұратын арнайы шара бар екенін алға тартты деп жазады Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tobyl-torgai.kz, tumba.kz Коллаж: NUR.KZ

Фото: tobyl-torgai.kz, tumba.kz Коллаж: NUR.KZ

Анықталғандай, Кенжалиевтің мәселесін қайта қарастыру процесі жазда басталып кеткен.

Жоғарғы сот төрағасы Асанов судьяны жұмыстан шығара алмайтынын айтты. Оған қоса, ол судьялар белгілі бір шешім мен үкім үшін қызметтен кетпейтінін жеткізді. Алайда, үкім шығарарда үлкен қателікке бой алдырған жағдайда сот қазылары арасында қарастыруға толықтай негіз бар деді Жоғарғы сот төрағасы.

Кенжалиев жұмыстан босатылған жоқ, бірақ оның өкілеттігі уақытша тоқтатылды. Мұндай шешімді тоғыз судья қабылдаған. Енді бұл мәселе Жоғарғы сот кеңесінің талқысына түспек.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel