RU
Қарағандыда 74 жастағы әжей баспалдақтан құлап қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда 74 жастағы әжей баспалдақтан құлап қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 74 жастағы әжей мейрамхананың баспалдағынан құлап, қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: dveri-arena.ru

Көрнекі фото: dveri-arena.ru

Оқиға корпоративтік мерекелік кеш кезінде орын алған.

74 жастағы әжей мейрамхананың екінші қабатынан төменге қарай баспалдақпен келе жатып құлапты.

Егде жастағы әйел оқиға орнында көз жұмған.

"Ол бұрынғы әріптестерінің шақыртуымен ұйымның мерекелік кешіне келген еді. Соңы қайғылы жағдаймен аяқталды", - деді құрбысы.

Қарияның құрбысы мейрамхана баспалдағы қауіпті екенін, ол жерден қонақтар жиі құлайтынын айтты.

"Соттық сараптама тағайындау керек. Сарапшылар баспалдақтың қауіпті немесе қауіпсіз екенін анықтасын", - деді әйел.

Қалалық ішкі істер департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалмағанын жеткізген.

NUR.KZ тілшісі мейрамхана әкімшілігіне хабарласқан болатын.

"Бізде расында екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ бар. Бірақ тік, биік, қауіпті емес. Бұл жерде қонақтар жиі құлайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Баспалдақ құрылыс ережелерінің талаптарына сәйкес салынған. Барлық құжаттар бар", - деп түсіндірді мейрамхана әкімшілігі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel