RU
Маңғыстаулық қайырымды жандар көпбалалы анаға үй салып берді
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстаулық қайырымды жандар көпбалалы анаға үй салып берді

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Людмила Смағұловаға қайырымды жандар үй салып берді деп жазады "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: m.news.yandex.ua

Көрнекі фото: m.news.yandex.ua

Жеті баланы жалғыз өзі асырап отырған Людмила 10 жылдан астам уақыт бойы әркімнің баспанасын паналап жүрген.

Келіншектің мұңын естіген "Біз адамбыз - біз анамыз" қайырымдылық қоры көпшіліктен көмек сұрап, көпбалалы анаға үй салып беруді жоспарлаған.

Балаларымен жаңа үйге қоныс аударған келіншек барша көмектескен жандарға алғысын айтты.

"Барлығына рақмет айтқым келеді. Көп адамдар көмектесті. Қаншама халық естіп, тамақты да, киімді де әкеліп жатты", — деді ол.

Ал қор директоры Иманғазы Досмұхамбетов қазір үйге жылу жүйелері тартылып жатқанын айтты.

"Қазіргі кезде көпбалалы, жалғыз басты аналарға көмектесеміз. Қордың жұмыс жасап жатқанына 10 жылдан асты. Қазір бізде қиын жағдайда өмір сүріп жатырған 30 отбасы бар. Соларға тамақпен, киіммен жәрдесудеміз",-деді ол.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel