RU
"350 мың теңге жетеді": Ақтөбелік жастар баспаналы болды
Жаңалықтар Қоғам

"350 мың теңге жетеді": Ақтөбелік жастар баспаналы болды

Рассказать Вконтакте

Республика бойынша Ақтөбе облысында ғана жүзеге асырылып жатқан бағдарлама бойынша алғашқы 50 пәтердің кілті табыс етілді деп хабарлайды Aktobenews.kz.

ччччч

Пәтер кілтіне ие болған ақтөбелік тілшілер. Фото: aktobenews.kz

Бүгін әлеуметтік салада қызмет атқарып жүрген жастар мен жас отбасылар баспаналы болды.

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және "Жастар жылына" орай​ жүзеге асып жатқан игі шараға облыс әкімі арнайы қатысып, құттықтауын арнады.

Айта кетерлігі, бағдарлама іске қосылғаннан бастап 2 мыңға жуық өтініш түскен.

"Бағдарлама бойынша ұстаздар, дәрігерлер, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бүгін баспаналы болып жатыр. Олардың жасы 29-дан аспаған.

Түскен өтініштер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жіберіледі. Тізімдерді тексеріп, әрбір адам бойынша нақты шешім қабылдайды. Міне, соның нәтижесінде алғашқы 50 пәтерді біз ұсынып отырмыз.

Бұл үшін бастапқы жарна көлемі орташа есеппен 350 мың теңге болу керек. Алты жылға дейін жалға беріледі.

Ай сайынғы төлемақы 35 мың теңге және қосымша коммуналдық төлемақылары бар. Белгіленген мерзімді күтпей, ертерек сатып алуға да болады", — дейді Ақтөбе облысы бойынша жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel