RU

Депутат ұлттық тәрбиедегі проблемалар туралы айтты

Біздің қоғамда және ұлттық санамызда ананың алатын рөлі ерекше. Халқымыз қасиетті мекенімізді Отан - Ана, Жер - Ана деп тегін айтпаған. Ана ұғымына айрықша мән берген.

Өйткені өмірдің бастауы да, тәлім-тәрбиенің қалыптасуы да ана арқылы жүзеге асады. Мәжіліс депутаты Людмила Хочиева 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өз ойларымен бөлісті. - Людмила Хисақызы, анаға бас имейтін адам жоқ. Өмірде ананың орны бөлек. Ұлттық тәрбиеде қызды, ананы қалай қадірлей білу керектігі жөнінде қалыптасқан салт-дәстүр бар. Жалпы, анаға қатысты ойларыңызды ортаға салсаңыз? - Ана деген сөздің өзі құдіретті. Ол адамды толғандырып, сезімін оятады. Ана - адамзат өмірінің бастауы. Өйткені ана балаға қандай тәрбие берсе, ертеңіне ол азаматтың солай қалыптасқанын көреміз.

Ана тілінде тәрбие берсе, оның бойға сіңуі ғажап болады

Ана тілінде тәрбие берсе, оның бойға сіңуі ғажап болады. Талбесікті тербете отырып, бесік жырын айтады. Сонда анасы бүкіл жүрегіндегі ізгі тілегін бесік жырмен жеткізеді. Баласына батасын бергендей, Алладан тілеу тілейді. Түнгі ұйқысын төрт бөлген ананың еңбегін ешқандай қызметіңмен қайтара алмайтындығың жөнінде көптеген халықтарда айтылатын мақал-мәтелдер бар. Мәселен, "Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызынан құтыла алмайсың", - дейді. Мен өткен үшінші сессия барысында Кәрім Мәсімовке бір депутаттық сауал жолдаған едім.

Бірқатар елдерде ана күні бар. Біз Қазақстанда осындай бір күнді атап, ана күні десек, барлық ұрпаққа үлгі-өнеге болар еді. Ол күні ұлттық тәрбиеге қатысты іс-шараларды өткізуге болады.

Бүгінгі алаңсыз өсіп келе жатқан қыздарымыз ертеңгі күні ана болады. Сондықтан олар қалай лайықты ана атануға болатынын ойланып, қадірлі жан болуға ұмтылуы керек. Ешқашан ана өзінің баласына жаман бол деп үйретпейді. Ешбір ана өз баласы түгілі, өзге адамға да жамандық тілемейді. Ананың балаға деген махаббаты кейде шектен тыс болады. Ол баласының оғаш қылықтарын көрмеуі мүмкін. Халықта "кірпі де баласын жұмсағым деп еркелетеді" деген сөз бар ғой. Ана мен бала махаббаты жеке бір тақырып. Оны әрбір қоғам қорғай білуі қажет. Міне, ананың рөлі осыдан келіп шығады.

Қазақ тәрбиесінде ананың орны ерекше

Қазақ тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ғасырлар тарихында ананы жоғары құрметтеген. Айталық, Жер-ана деген ұғым бар. Барша тіршілікке өмір нәрін сыйлайтын Жердің өзін де анаға теңейді. Өмірдегі құндылықтардың барлығы ана арқылы беріледі. Мысалы, өсімдіктің бір дәні топыраққа түссе, Жер-ана оған өмір беріп, өсіріп шығарады. Тіпті тастың арасынан да тіршілік жарып шығып жатады. Мұның бәрі - Жер-ананың күші.

Ана мейірімді, түсінігі мол, баласын тәрбиелеп, күйеуіне қолдау жасап, отбасының ырыс-берекесін кіргізеді.

Сол арқылы мемлекеттің тұтастығына, салауатты өмірді қалайтын ұрпақтың өсіп-өнуіне өлшеусіз үлес қосады. - Өмір болған соң, адамдардың түсінігі де әр түрлі болады ғой... - Иә, күйеуі әйелін кекетіп, мұқатып отыратын кейбір отбасылары болады. Дегенмен де балалары анасын қорғауға тырысады. Өйткені қалай болса да, ол балалардың анасы. Кейде жас аналар да жаза басып жатады. Мысалы, Алтынбек Қоразбаевтың "Бозторғай" әнінде жетім баланың зары жүрегіңді ауыртады. Торғай да баласын тастамайды, менің анам неге тастап кетті деген мағынадағы жолдар жан-жүрегіңді тебірентеді. Халықта "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген сөз бар. Егер тәрбиеге баса көңіл бөлінсе, обал мен сауапты, қиянат пен күнәні балаларға жасынан ұғындыра білсек, біздің қоғамда жетім балалар да, тастанды сәбилер де болмас еді. Өйткені бойында ұлы сезімі бар қыз ана болғанда баласын тастамайды. Бізде материалдық көмек беріледі. Сонымен бірге қоғамда ананы рухани жағынан қолдау қажет. Осы орайда ана күні болғаны жөн деп есептеймін. Сонда әр адам өзінің үйінде анасы бар екенін еске алып, оған айрықша құрмет жасайды. Міндетті түрде құттықтайды. Ал 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы б

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/177870-deputat-ylttyk-terbiedegi-problemalar-turaly-ajtty.html