RU

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған төрт азамат ұсталды

Түркістан облысында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен төрт азамат ұсталды деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

ыыыыы
Ұсталған күдіктілер. Фото: ҰҚК: UGC

Ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген ұстау операциясы бүгін, 14 ақпан күні жүзеге асқан.

Сонымен бірге, қолға түскен күдіктілердің үйінен деструктивті бағыттағы қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер табылып, тәркіленгені белгілі болды.
ыыыыы
Ұсталған күдіктілер. Фото: ҰҚК: UGC

Аталмыш факт бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778702-trkistan-oblysynda-terrorizmdi-nasihattagan-trt-azamat-staldy.html