Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда денесін күйік шалған 29 жастағы азамат қайтыс болды

Опубликовано:

29 жастағы қарағандылық азамат денесіндегі күйіктен жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ер адам өз-өзіне бензин құйып, өртеп жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:ruinformer.com
Фото:ruinformer.com: Instagram

Ер адамның денесінің біраз бөлігі мен басы күйіп қалған. Ортопедия және травматология орталығына ол ауыр жағдайда жеткізілген.

"Бүгін таңертең науқас өмірден өтті. Ер адамның денесінің күйігі 4-ші дәрежелі. Күйік аумағы үлкен болды. Ол ауруханаға түскен уақытта сөйлей алмады. Сондықтан өзіне не болғанын да түсіндіре алмаған", - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ер адамды Михайловскіден Қарағандыға жеткізген.

Ал полиция департаментінің баспаөз қызметі болған оқиғаның алғашқы болжамын мәлім етті.

"Алдын-ала тексеріс басында, ер адамның үйінің ауласында өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Істің мән-жайы анықталатын болады", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Жаңатай Сембеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778706-karagandyda-denesin-kjik-salgan-29-zastagy-azamat-kajtys-boldy/

pixel