RU

Оралда арнайы орталықтан ит асырап алған жігіт оны сойып жеген

Оралда жануарларға арналған арнайы орталықтан ит асырап алған жігіт оларды сойып жеген деп хабарлайды uralskweek.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:uralskweek.kz
Фото:uralskweek.kz: UGC

Автоқызмет орталығының жанында итті сойып, пісіріп жеген ер адамның әрекетін куәгерлер арнайы орталыққа жолдаған.

Жануарлар орталығының мәліметінше, осыдан үш апта бұрын ер адам олардан екі итті алып кеткен. Ал ертесіне тағы келіп, бір итті алады.

Жануарлар орталығының айтуынша, жануардың жаңа иесі оларға иттің суретін жіберіп тұруға міндетті болған.

Алайда ер адамның құжаттарды толтыру кезінде жалған мекен-жай айтқаны анықталған.

Ал орталық қызметкерлері ер адамға хабарласқанда, ол тұтқаны көтермеген.

"Ер адам иттерді мал бағуға Тасқала ауданына алып кететінін айтты. Ал кейінірек оған хабарласқанымызбен, тұтқаны көтермеді", - дейді арнайы орталық қызметкері Әсел.
Ал арада біраз күн өткенде куәгерлердің бірі тура автоқызмет орталығының жанында итті сойған адамның суретін жібереді.

Қазір жануарлар орталығының қызметкерлері полицияға шағымданған. Олар құқық қорғау қызметкерлерімен автоқызмет орталығына келіп, қоқыстан күйген сүйектерді тауып алған.

Енді ол сүйектердің расымен үй жануарларына тиесілі екенін сараптама нәтижесі анықтайды.

Қазіргі уақытта Оралдың 1991 жылғы тұрғыны іздестіріліп жатыр. Оның үстінен "Жануарларға қатігездік таныту" ісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778708-oralda-arnajy-ortalyktan-it-asyrap-algan-zigit-ony-sojyp-zegen.html