Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік депутаттар емізулі баласымен еден жуып жүрген келіншектің қарызын өтеп берді

Опубликовано:

Ақтөбеде жолдасы алты баламен тастап кетіп, өлместің күйін кешіп отырған ананың үйіне бір топ депутат барды. Әйелдің қиын өмірін көзімен көрген депутаттар жалғызбасты ананы қамқорлығына алған деп хабарлайды NUR.KZ.

ааааа
Фото: NUR.KZ: Instagram

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары Гүлназира Смағұлованың тұрмысын өз көздерімен көрген.

"Есікті ашқанда сырттан салқын бірден кірмес үшін шағын дәліз салып беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, коммуналдық қызмет бойынша жиналып қалған қарыздары төленді. Басқа да көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр",- дейді қалалық мәслихаттың баспасөз қызметінен.

Депутаттар көпбалалы ана тұрып жатқан баспананың ызғар тартып тұрған еденіне кілем жайып, тұрмыстық заттар апарған.

Себебі келіншек осыған дейін шайды "кипятильникпен" қайнатып ішіп отырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ақтөбелік алты балалы жалғызбасты ананың қиын өмірі жайлы хабардар еткен едік. Келіншек балаларын асырау үшін емізулі баласын тастап, ертеден кешкен дейін еден жууға мәжбүр.

Гүлназира Смағұловаға көмек көрсетем деген жандар мына телефонға хабарласа алады: 8771 294 73 70

Карта нөмірі 6233 5710 4839 6747 Халық банкі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778750-aktbelik-deputattar-emizuli-balasymen-eden-zuyp-zrgen-kelinsekti-karyzyn-tep-berdi/

pixel