Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінен төсекте ләззат алмайтын әйел бұрынғы жігітімен кездесіп жүргенін айтты

Опубликовано:

Төрт жыл бұрын тұрмысқа шыққан келіншектің бүгінде бір ұлы мен қызы бар. 24 жастағы әйел күйеуін сүймесе де, жақсы жігіт болғаны үшін тұрмысқа шығыпты. Ал жұбайы арудың пәк еместігіне де қарамаған екен деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: minskblog.livejournal.com
Көрнекі фото: minskblog.livejournal.com: Instagram

Бүгінде жарымен бір шаңырақта тұрып жатқан әйел жас кезінде бір жігітті құлай сүйгенін айтады. Оларға, тіпті, жұрт қызыға қараған екен.

Алайда тағдырдың қалауымен екеуінің арасы алшақтап, айырылып тыныпты.

Бірақ келіншек әлі де бұрынғы жігітін жақсы көріп, сағынатын көрінеді.

"Қазір оның да әйелі, бір ұлы бар. Мен ұлды болғаннан кейін екеуміз кездесіп, жақындастық, оған дейін телефонмен сөйлесіп тұратынбыз. Оны көргенде сағыныштан өзімді ұстай алмадым", - деді ол.

Оған қоса, әйел өз күйеуінің құшағынан ләззат алмаймын дейді.

"Қызымды көтергелі, босанғалы бері кездеспедім, әрнәрсені сылтауратып, қашқақтап жүрдім. Қазір де сөйлесіп тұрамыз. Ол кездесуге шақырады.

Оны көргім келеді, сағынамын. Өзімнің ісімнің дұрыс емес екенін білсем де, қоя алар емеспін.

Жолдасыммен төсек ләззатын ала алмаймын. Ал бұрынғы жігітіммен өзімді ең бақытты әйел сезінемін", -дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778770-kjeuinen-tsekte-lzzat-almajtyn-jel-bryngy-zigitimen-kezdesip-zrgenin-ajtty/

pixel