Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы Сингапурдағы сұлулық байқауының алғашқы кезеңінде топ жарды (фото)

Опубликовано:

Бүгін Сингапурда халықаралық Miss Heritage Interntational-2019 сұлулық байқауы өтіп жатыр. Қазақстандық ару Гүлбану Мадиярова байқаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетіп, Miss Ethnic Heritage-2019 атағына ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram.com/gulbanu_official
Фото: instagram.com/gulbanu_official: UGC

Бұл халықаралық байқауда біздің екі отандасымыз - Гүлбану Мадиярова (Орталық Азияны таныстырады) және Балнұр Әлімхалиева (Қазақстанды таныстырады) бақ сынауда.

Қыздар киім үлгілері мен өз таланттарын 12 ақпаннан бастап таныстырып жатыр.

Қос қазақстандық ару әділ-қазылардың алдында ұлттық киімдерді көрсетіп, дәстүрлі әуендерді орындады. Бұл кезеңнің жауабы 16 ақпан күні белгілі болады.

Фото: instagram.com/princeandprincesskazakhstan
Фото: instagram.com/princeandprincesskazakhstan: UGC

"Prince and Princess Kazakhstan" дирекциясында хабарлағандай, қазіргі уақытта байқаудың бірінші кезеңінің жауабы шыққан.

Ол кезеңде қыздар ұлттық тағамдарды дайындап, билеген.

"Бұл кезеңде "Miss Ethnic Heritage-2019" атағын қазақстандық Гүлбану Мадиярова иеленді",- деді басқарма.

Еске сала кетейік, Сингапурдағы байқау 12 ақпаннан 17 ақпанға дейін өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1778817-kazak-kyzy-singapurdagy-slulyk-bajkauyny-algasky-kezeinde-top-zardy-foto/

pixel