Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда 9-сынып оқушысы төрт рет үйленген ер адамға тұрмысқа шыққан

Опубликовано:

Қырғызстанның Ош қаласында қыздардың ерте тұрмыс құру мәселесі дөңгелек үстел барысында талқыланды. "Дүниежүзілік әйелдер банкы" қоғамдық ұйымының басшысы Гүлсана Абытова бұл мәселе Ноқат ауданында өршіп тұрғанын жеткізді. Бұл туралы turmush.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қырғызстанда 9-сынып оқушысы төрт рет үйленген ер адамға тұрмысқа шыққан
Көрнекі фото: kabar.kg: Facebook

Маманның сөзінше, ерте некелер өзбек тілінде оқитатын мектептерде кеңінен таралған. 9-10 сынып оқушысына сырға салынса, оның сыныптастары арасында беделі өседі екен.

Дегенмен маманның айтуынша, отбасылық өмірге дайын емес қыздар күйеуге шыққаннан кейін көбінесі өздеріне қол салады.

Мысалы, ерте тұрмысқа шыққан жас келіншек дүниеге зәр шығару мүшесі қалыптаспаған баланы әкелді. Маман мұны қыз баланың тәні әлі дамып үлгермегендігімен түсіндірді.

Бір жолы тоғызыншы сынып оқушысын төрт рет үйленген еркекке үйлендірген. Ол одан екі бала босанған, алайда соңында ажырасып тынған.

Мұндай қыздардың ата-аналары өз әрекеттерін тұрмыстық жағдайларымен түсіндіреді. Кедей тұрғандықтан, олар қыздарын жасаусыз алатын адамдарды іздейді екен.

Қазір Қырғызстан имамдарына ерте неке қиюға тыйым салынды. Соның арқасында ерте неке қию үрдісін тоқтату жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1778852-kyrgyzstanda-9-synyp-okusysy-trt-ret-jlengen-er-adamga-trmyska-sykkan/

pixel