Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал отандық дизайнер талғамсыз киінетін жұлдыздарды сынап тастады

Опубликовано:

Танымал отандық дизайнер Сәкен Жақсыбаев талғамсыз киінетін әншілерді қатаң сынға алды. Дизайнер салмағы 20 келі болатын жылтыр көйлекпен жүретін жұлдыздарды визажистің көмегімен сәнденуге шақырды деп хабарлайды "Хит-ТВ" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова, Ақбота Керімбекова, Сәкен Жақсыбаев. Фото: жұлдыздардың желідегі парақшасынан, 1mag.kz. Коллаж: NUR.KZ
Гүлзира Айдарбекова, Ақбота Керімбекова, Сәкен Жақсыбаев. Фото: жұлдыздардың желідегі парақшасынан, 1mag.kz. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Бағдарлама жүргізушілері отандық әншілерді көрсеткенде, дизайнерге бірден Гүлзира Айдарбекова мен Ақбота Керімбекованың киім үлгісі ұнамаған.

"Біздің жұлдыздар әлеуметтік желіден бір-екі жазбаны оқып, біреудің киіну стилін көріп алады. Сосын өздерін кереметпіз деп санайды. Барлығы бір көшірмеден шыққандай. Киінген киімдеріне қарап, жалға алынған түркі киімдерінің шеруі деп қаласың. Бәрінде ортақ бір визажист, бір шаштараз, бір шаш үлгісі", - дейді Сәкен Жақсыбаев.

Сондай-ақ дизайнер ауыл әкімдері секілді киінетін әнші азаматтардың да барын айтқан.

"Мен әртіс ханымдар мен мырзаларға "тәуекелшіл болудан қорықпаңыздар" деймін. Таңғы шәй мен кешкі кездесуге салмағы 20 келі болатын жылтырақ көйлек киюдің керегі жоқ. Ертең ертегі ұзын көйлек кисеңіз, келесіде кең балақты шалбар киіңіз. Қиындатудың түк керегі жоқ", - дейді дизайнер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1778863-tanymal-otandyk-dizajner-talgamsyz-kiinetin-zldyzdardy-synap-tastady/

pixel