RU

Өскеменде полицей көлігі жол талғамайтын көлікпен соқтығысып қалды

Бүгін Өскемен қаласында облыстық аурухананың маңында полицейлердің "УАЗ" көлігі мен жапондық Suzukі соқтығысып қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Өскеменде полицей көлігі жол талғамайтын көлікпен соқтығысып қалды
Көрнекі фото: tver.mk.ru: Facebook

Оқиға 15-ші ақпан күні болған. Куәгерлер жол-көлік апатының видеосын osa_uka_vko парақшасына жүктеген.

Видеоны көрген оқырмандар кімнің дұрыс жүргенін, ал кімнің ережені бұзғанын талқыға салып, пікірлер екіге бөлінген.

Бірі полицейлер көлігінің ерже бұзғаны айқын десе, енді біреулері шетелдік көлік жүргізушісін айыптаған.

"Өскеменде полицейлер қаптап жүр. Олардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті", "Патшаларға жол беру керек", "Патруль көлігі кінәлі, 100 пайыз", - сынды пікірлер жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778879-skemende-policej-kligi-zol-talgamajtyn-klikpen-soktygysyp-kaldy.html