Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Келін" фильмінің актрисасы қызметкерлеріне тегін жатақхана салып бермек (фото)

Опубликовано:

Ермек Тұрсыновтың режиссерлігімен түсірілген атышулы "Келін" фильмінің актрисасы Гүлшарат Жұбаева қызметкерлеріне жатақхана салып беруде. Жеке тігін цехі мен сұлулық салоны, агенттігі бар актриса бүгінде 60 адамды жұмыспен қамтып отыр деп жазады NUR.KZ.

Актрисаның айтуынша, ол осы уақытқа дейін жалғызбасты аналар мен жүкті қыздарға қолдау көрсетіп келген.

"Осы уақытқа дейін біздің шеберханада әртүрлі қыз-келіншектер жұмыс істеді. Өзіміздің шағын жаттақханамыз бар. "Көңіл сиса - бәрі сияды" деп басқа облыстардан келіп жұмыс істейтін қыздар, тағдырдың тауқыметіне душар болған аяғы ауыр қыздар, күйеуімен жараспай ажырасқан келіншектер, баласымен келген әйелдерді алаламай жұмысқа алдық. Оларға кәсіп үйретіп, аяққа тұрғанша жұмыс пен баспана беріп, қол ұшын созатынбыз.
Цехта бірнеше балаға дейін еңбектеп жүретін. Шүкір" Қазір біразы аяққа тұрып кетті. Пәтер жағалауды, баласы бар жалғызбасты әйелге жұмыс табудың қандай қиын екенін жақсы түсінемін", - дейді актриса өз жазбасында.

Сондай-ақ Гүлшарат Жұбаева кәсіп үйренгенінде, өзіне анасынан басқа ешкімнің қолдау көрсетпегенін де жеткізді. Сол үшін актриса қазіргі таңда қызметкерлеріне тегін жатақхана салып жатыр.

"Кәсіп үйренгенімде, маған анамнан басқа ешкім кеңес бермеген. Сол үшін өмірдің қиын кезеңінде барынша қолдау көрсетуге тырысамын. Адамнан қайтпаса да, "бір сауабы тиетін болар" деп сенемін. Есесіне жанымда жылдар бойы осы ұжымның ыстық-суығына төзіп келе жатқан мықты мамандарым бар.
Өткен жылы осы жатақхана ғимаратының құрылысын бастадық. Мақсат жалғызбасты аналарды баласымен бірге жұмысқа алу. Ана мен балаға жағдай жасағымыз келеді. Оларға тегін жылы жатақ орын беріп, балаларды бала-бақшаға орналастырып, аналарын жұмыспен қамтамасыз етуді мақсат еттік", - деп жазбасын аяқтады актриса.

Естеріңізге сала кетейік, "Келін" туындысы Ермек Тұрсыновтың режиссерлігімен көпшілікке 2009 жылы жол тартты. Дыбыссыз фильмнің басты рөлінде ойнаған актриса Гүлшарат Жұбаеваны көпшілік кейін қатаң сынаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1778897-atysuly-kelin-filmini-aktrisasy-kyzmetkerlerine-tegin-zatakhana-salyp-bermek-foto/

pixel