RU

Астанада бес жасар баланы құтқарған оқушы көпбалалы жанұядан шыққан

Астанадағы №39 кешкі мектептің директоры Анар Қожахмет құдықтан бес жасар баланы шығарған 10-сынып оқушысы Нәдір Омарғазиев туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: Астана ПД, ҚР ІІМ ТЖК
Фото: Астана ПД, ҚР ІІМ ТЖК: Twitter
"Нәдір Омарғазиев көпшіл, талантты және өте тәрбиелі бала. Ол көпбалалы отбасынан шыққан және оның бес бауыры бар. Омарғазиевтер әулеті жалдамалы пәтерде тұрады", - деді Анар Қожахмет.

Оның айтуынша, Нәдір ән салғанды ұнатады және танымал әнші болуды армандайды.

"Дүйсенбі күні мектепте салтанатты шара ұйымдастырылады. Онда мектеп басшылығы Нәдірді ерлігі үшін марапаттайды", - деді директор.

Айта кетейік, Астанада құдыққа түсіп кеткен бес жасар баланы 10- сынып оқушысы құтқарып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778931-astanada-bes-zasar-balany-ktkargan-okusy-kpbalaly-zanadan-sykkan.html