RU

42 мың азамат Қазақстаннан кетті: Елден көшу алматылықтардың жоспарында бар ма?

Өткен жылы Қазақстаннан 42 мың адам кетіп қалса, тұрғылықты мекенжай аясында елге көшіп келгендердің саны 13 мың азаматты құрады. Осыған орай, биыл миграция кері нәтиже көрсетуде. NUR.KZ тілшілері Алматы көшелеріне шығып, тұрғындардың мемлекеттен көшуге қатысты ойын біліп қайтты.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Анықталғандай, алматылықтар Қазақстаннан ұзақ уақытқа кеткісі келмейтін болып шықты. Жастар елден тек қана шетелде біліп алып алып, оқып шығу үшін кетуді көздейді.

Ал оқу аяқталған соң, олар елге оралып, өз отанын дамытуға үлес қосуға ниетті.

"Бұл менің отаным. Менің туып қскен жерім. Осы жерде пайдамды тигізгім келеді. Мен Қазақстанды сүйемін, және өмірімнің соңына дейін осында тұрмақпын" , - деді Гүлнар есімді тұрғын.

Айта кетерлігі, сауалнамаға қатысқан алматылықтардың басым көпшілігінің жауабы осындай болған. Тек санаулы адамдар ғана елден Еуропаға көшкісі келетініін айтты.

"Мұнда экология нашар. Болашақ жоқ. Рухани және қаржылық тұрақтылық деген жоқ. Қазақстаннан көшетініме кәміл сенімдімін. Алайда, нақты қайда екенімді әлі шешпедім" , - деп айтуда студент қыздар.

Алайда, қала тұрғындары арасында патриоттар өте көп болып шыққан.

"Бұл біздің ел. Неге кетуіміз керек?" , "Қазақстанда бәрі жақсы әрі тұрақты" , Қазақстаннан асқан жер жоқ" , "Бұл жерде менің отбасым мен достарым бар" , "Шетелде мені кім күтңп отыр екен? Қазақстан ол менің туған жерім" , - деуді көпшілік.

Сауалнаманың толық нұсқасын бейнежазбадан тамашалаңыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778945-42-my-azamat-kazakstannan-ketti-elden-ksu-almatylyktardy-zosparynda-bar-ma.html