RU

БАҚ: Қытайдың шығысында тұрғын үй опырылып түсті

Бүгін Қытайдың шығысында орналасқан Фучжоу қаласында тұрғын үй опырылып түсіп, он адам үйіндінің астында қалып қойған. Бұл туралы ZhongguoXinwenwang ақпараттық порталы хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Фото: vesti.ru
Фото: vesti.ru: Facebook

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға жергілікті уақытпен шамамен сағат 05:50-де орын алған.

Төтенше жағдай орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Әзірге олар үйінділер астынан жеті адамды алып шықты. Дәрігерлер зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.

Полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр. Қазіргі таңда, тергеу жұмыстары басталып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778953-bak-kytajdy-sygysynda-trgyn-j-opyrylyp-tsti.html