RU

СҚО-да тас жолда "КамАЗ" аударылып қалды (фото)

Солтүстік Қазақстан облысында "КамАЗ жүргізушісі көлікті дұрыс басқара алмай, апатты жағдайға тап болды. Жүк көлік жолдың шетіне шығып кетіп, аударылып қалған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімде деп жазады NUR.KZ.

Фото: СҚО полиция департаменті
Фото: СҚО полиция департаменті: Facebook

Полицияның хабарлауынша, жол апаты Жамбыл ауданының аумағында "Мамлютка-Қостанай" тас жолында орын алған.

Тәртіп сақшылары тас жолмен келе жатып, бір жағына аударылып қалған "КамАЗды" аңғарған. Полицейлер Қостанай облысына бидай қалдықтарын тасымалдап бара жатқан жүргізушінің рөлге ие бола алмай қалғанын анықтады.

Жүк көлігін жолдың шетінен алып шығу үшін екі арнайы техника шақыртылған.

"КамАЗды" шығарып жатқан сәтте жол апатына түскен жүргізуші полицейлер көлігінде жылынып отырды. Оған қоса, полиция капитаны Әміржан Таккужин мен сержант Сергей Полуянов ер адамды тамақтандырған.

Айта кетерлігі, бұл полиция қызметкерлерінің көмегі қажет болған жалғыз оқиға емес. Тағы бір жол апаты "Жезқазған-Петропавл" тас жолында орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778962-sko-da-tas-zolda-kamaz-audarylyp-kaldy-foto.html