RU

Шымкентте қала әкімінің көпбалалы аналармен кездесуі басталды

Шымкентте таңертеннен бастап қала әкімдігінің алдына шаһар басшысына өз проблемасын айтуға келген жұртшылық жиналды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: Original

Дәл қазір әкімдіктегі жиналыс өтіп жатқан залда жүзден астам әйел бар. Қала басшысы әрқайсысын тыңдауға уәде еткен.

Келіншектердің көпшілігі балаларға арналған жәрдемақы, тұрғын үй мен зейнетақысы мәселесімен келген.

"Мен халықтың бәрін айтуға келгенін түсініп тұрмын. Бірақ, бұдан жағдай өзгермейді. Әкімдіктің шақырғаны жақсы болды. Өз проблемаларымызбен бөлісеміз. Мүмкін олар шешіліп те қалар" , - деді Самал Маралова есімді көпбалалы ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778967-symkentte-kala-kimini-kpbalaly-analarmen-kezdesui-bastaldy.html