RU

Алматы облысында 20 жастағы жүргізуші жантүршігерлік жол апатында қаза тапты (фото)

Алматы облысында 20 жастағы жүргізуші жантүршігерлік жол апатына түсіп, қаза тапты. Жол-көлік оқиғасына тұман себепкер болуы мүмкін деп хабарлайды Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Facebook

Жантүршігерлік Жол апаты Қарасай ауданында орын алды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, марқұм жас жігіт тізгіндеген Toyota Carina көлігі кенеттен жолдың қарама-қарсы жағына шығып кеткен. Оған қоса, темір тұлпар бірнеше мәрте аударылып, жолдың шетіне ұшып кетті.

Жол апатының нәтижесінде көлік қатты зақымданып, құтқарушылар 20 жастағы жігіттің денесін шығару үшін көліктің үстін кесіп тастауға мәжбүр болды.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778969-almaty-oblysynda-20-zastagy-zrgizusi-zantrsigerlik-zol-apatynda-kaza-tapty-foto.html