RU

Қарағанды облысында Land Cruiser ішінде 35 кенші болған автобуспен соқтығысты

Қарағанды облысында Land Cruiser автокөлігі ішінде 35 кенші болған автобуспен соқтығысып қалды. Дол апатының салдарынан бір адам зардап шеккен деп жазады NUR.KZ.

Фото: куәгер жіберген сурет
Фото: куәгер жіберген сурет: Facebook

Жол-көлік оқиғасы 16 ақпан күні Сатпаев қаласынан үш шақырым жерде, №57 шахтаға қарай жолда таңғы сағат тоғыз шамасында орын алған.

Полицияның мәліметінше, Toyota Land Cruiser 100 көлігінің тізгінінде болған 28 жастағы азамат рульге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Нәтижесінде, ол "НефАЗ" автобусымен соқтығысқан. Автобус ішінде 35 кенші мен 52 жасатғы жүргізуші болған.

"42 жастағы автобус жолаушысы жарақат алды. Ол бірден ауоуханаға жеткізілген. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары басталып кетті" , - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778973-karagandy-oblysynda-land-cruiser-isinde-35-kensi-bolgan-avtobuspen-soktygysty.html