Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі ісікке шалдыққан балалар үшін билеп берген дәрігерлер көпшілікті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Алматыда дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан балалар үшін билеп берген деп жазады NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Twitter

Педиатрия мен балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлері өзінің кішкентай науқастары үшін арнайы флешмоб ұйымдастырған. Шара балалардың қатерлі ісігіне қарсы күрес күніне орайластырылған.

Билеп жатқан медицина қызметкерлернің видеосы Facebook желісінде жарияланған.

"Педиатрия және балалар хирургиясығылыми орталығы еріктілердің көмегімен дәрігерлердің билеп жатққан видеосын назарларыңызға ұсынады" , - делінген бейнежазбаның астында.

Желідегілер ақ халаттылардың бұл әрекетіне тәнті болып, олардың балаларға деген мұндай ыстық ықыласы үшін алғыс айтқан.

"Барша дәрігерлерге рахмет! Балалрға және барша науқастарға денсаулық тілемйміз! Жүректі елжіретіп жіберді мына виа видео", "Керемет, жарайсыңдар. Балапандар тезірек сауығып кетсін" , " Дәрігерлер жарады. Олар бала денсаулығы үшін барын жасайды. Барлық аурудан құтылудың таптырмас мүмкіндігі - керемет көңіл-күй мен талпыныс" , - деп жазған көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778976-katerli-isikke-saldykkan-balalar-sin-bilep-bergen-drigerler-kpsilikti-tnti-etti-video/

pixel