RU

CҚО-да көпбалалы отбасы өрт кесірінен үйінен айырылып қалды

СҚО-да Ступинка ауылының тұрғындары 15 ақпан күні орын алған өрттің кесірінен баспанасыз қалды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

фото: vr-vyksa.ru
фото: vr-vyksa.ru: Facebook

Өрт туралы хабарлама Шал ақын ауданындағы бөлімшеге сағат 3:43-те келіп түскен.

Өрт сөндірушілер бірден оқиғаға орнына жөнелді. Алайда, жеткенде үйдің ашық жалынмен өртеніп жатқанын аңғарған.

Оқиға орнында өрт сөндірушілермен қатар, «Алтын Астык КZ» ЖШС ерікті өрт сөндіру қызметінің өкілдері де өртті тоқтатуға көмектесіп жатты.

Бес қыздан тұратын отбасы өртке оранған үйден өздігінен шыға алған. Алайда, барлық отбасы мүшелері кішігірім күйік жарақатын алған.

1982 жылғы әйел мен оның төрт қызы тұрған үй толығымен жанып кетті. Келіншектің балалары 2007, 2009, 2012 және 2015 жылғы екені анықталды.

Төтенше жағдай монтаж бен электр тоғын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі бұзылғандықтан орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778989-cko-da-kpbalaly-otbasy-rt-kesirinen-jinen-ajyrylyp-kaldy.html