Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің төрт дүркін чемпионы Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мәскеуде көркем гимнастикадан өткен Гран-придің бірінші кезеңінде ресейлік Александра Солдатова Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Любовь уставших лебедей» әнімен өнер көрсетті. Бұл туралы қазақстандық әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлемнің төрт дүркін чемпионы Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетті (видео)
Димаш Құдайберген, Александра Солдатова. Фотоколлаж: NUR.KZ: Instagram

Әлемнің төрт дүркін чемпионы Солдатованың видеосын жариялаған Димаш ресейлік спортшы қыздың өнеріне тәні болғанын білдірді.

Сонымен бірге, ол Александраға сәттілік пен үлкен жеңіс тіледі.

«2019 жылғы Гран-при чемпионатында Ресейді таныстырып жатқан қатысушы "Любовь уставших лебедей" әнімен. Әдемі өнер көрсетті. Бұл ән сәттілік әкеледі деп үміттенемін. Үлкен жеңістер тілеймін», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779023-lemni-trt-drkin-cempiony-dimas-kdajbergenni-nimen-ner-krsetti-video/

pixel