RU

Ескендір Хасанғалиев 79 жасын Алматының қымбат мейрамханасында атап өтті (фото)

Композитор Ескендір Хасанғалиев өзінің 79 жасқа толған мерейтойын Алматының ең қымбат мейрамханасында атап өтті деп хабарлайды "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Халық әртісі туған күні қарсаңында "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағымен марапатталған.

"Жанұяның мәңгілік болғаны жақсы. Қанша өмір берсе, сонша тұру керек. Немерелерді былай қойып, шөберелеріміз бар. Бақыт деген осы емес пе?", - деді 79 жасқа толған өнер иесі.

Айта кетейік, композитордың мерейтойына отбасы мен Оралдағы жақындары жиналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779071-eskendir-hasangaliev-79-zasyn-almatyny-kymbat-mejramhanasynda-atap-tti-foto.html