Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғышын үйлендірген Ақбота Керімбекова беташар тойын жасады (фото, видео)

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова үлкен ұлын үйлендіріп, күні кеше беташар жасады. Жас келіннің бетін әншінің өнердегі әріптесі Өмірқұл Айниязов ашқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Ал жаңа түскен келінді көпшіліктің алдына Индира Расылхан алып шыққан.

Ақбота Керімбекова өзінің алғашқы қуанышын көпшілікпен Instagram парақшасы арқылы бөлісіп отырды.

"Ал енді таза ене болдым. Бірақ Біржаным Бибіжар әжесінің баласы ғой. Сондықтан келін сол кісінікі. Келінімізді Салтанат сіңлімнің әнімен алып қайттық. Балалар бақытты болсын", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Әйгерімді әнші Салтанат Бақаева ұзату әнімен шығарып салған (ред: Керімбекованың келіні).

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекованың үш ұлы бар. Әнші 15-ші ақпан күні келініне сырға салып, құдалық өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779139-tgysyn-jlendirgen-akbota-kerimbekova-betasar-tojyn-zasady-foto-video/

pixel