Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Бүгін Ішкі істер министрінің жаңа кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі әрі баспасөз хатшысы таныстырылды. Бұл қызметке белгілі журналист Нұрділдә Ораз тағайындалған деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: Depositphotos

Бұл лауазымға Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен тағайындалған.

Белгілі журналист бұл қызметте Алмас Сәдубаевты алмастырған.

Айта кетсек, Нұрділдә Ораз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ІІМ Қарағанды академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Журналист "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та да білім алған.

Бүгінде жұбайы, белгілі тележүргізуші Гүлнәз Әлімгереймен бірге төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779141-nrdild-oraz-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel