RU
Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов қыздарын қырқынан шығарды (фото)

Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов қыздарын қырқынан шығарды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов жыл басында екінші рет ата-ана атанған болатын. Ал күні кеше жұлдызды жұп қыздары Аишаны қырқынан шығарған деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында Ақбота Нұр өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

"Аллаға Шүкір! Бүгін Аиша қызымызды қырқынан шығарып, бесікке салдық. Сіздергеде жұғысты болсын", - деп жазды актриса.
Ал Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасына келіншегі мен қызының суретін салып: "Менің тәттілерім. Аллаға шүкір", - деп жазып қойған.

Желі қолданушылары нәрестеге ақ тілектерін жаудырған.

"Бауы берік болсын", "Өмір жасы ұзақ болсын", "Бақытты болсын", "Кеше туылған сияқты еді. Әп-сәтте қырқынан шығарып жатырсыздар". "Анасы сияқты әдемі қыз болып өссін", "Ата-анасының мақтанышы болып өсе берсін", "Бауырлары көп болсын" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Ақбота Сейтмағамбет қаңтар айының алғашқы аптасында екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бүгінде Дәурен Айдарқұлов пен актрисаның ортақ екі балалары бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel