RU

Неке тойына төсі үлкен құрбысын шақырмаған қалыңдық масқара болды

Қалыңдық жан құрбысының төсі үлкен болғаны үшін оны тойына шақырудан бас тартқан деп жазады "Сегодня" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Неке тойына төсі үлкен құрбысын шақырмаған қалыңдық масқара болды
Көрнекі фото: legkopolezno.ru: Facebook

Бұл ақпаратпен қалыңдық Reddit сайтында бөліскен. Бейтаныс бойжеткеннің сөзінше, құрбысы Эриннің гормоналды ауытқу салдарынан төсі өте үлкен болып кеткен.

Қыздың айтуынша, бойжеткеннің туыстары және өзі оған кеудесін отаның көмегімен кішірейту керегін айтқан. Бірақ Эрин отадан қорыққандықтан, мұндай қадамға бармаған.

Автордың мәлімдеуінше, ол той қонақтарының есінде қалыңдық құрбысының үлкен төсі ғана қалғанын қаламаған.

Сонымен қатар бойжеткен құрбысы басқа құрбылары сияқты ол таңдаған үсті ашық көйлекті кие алмайтынын алға тартқан.

Жазбаның астында бойжеткен желі қолданушылардың пікірін сұраған. Алайда оқырмандардың көбі оны өзімшілдігі үшін сөгіп, қатаң сыңға алған.

"Арамсың", "Ол адамның кінәсі емес, ол науқас, ал сен оны тойыңа шақырмадың", "Ол мүгедек болса, қолының орнында протез болса, не істер едің?", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779150-neke-tojyna-tsi-lken-krbysyn-sakyrmagan-kalydyk-maskara-boldy.html