RU

Актриса қаза тапқан жол апаты: Ильяс Кар оқиға орнынан неге қашып кеткенін айтты

Алматыда абайсызда үш адамның өліміне әкеліп соққан апатқа себепкер болып, жол ережесін бұзғаны үшін айыпталып жатқан Ильяс Кардың ісі бойынша сот процесі жалғасуда деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Cот залында азамат жол апатынан соң өзіне не болғанын және оқиға орнынан неліктен қашып кеткенін түсіндірді.

Оның сөзінше, сол күні ол достарымен мейрамханада, караоке-барда болған, алайда, қатерлі ісікпен ауырғандықтан ішімдік ішпеген екен.

Сотталушы көңілді отырыстан кетпес бұрын жұбайымен сөзге келіп қалғанын, артынша көлікке отырып кеткенін мәлімдеді.

Жолда азамат жасыл түске өтіп кетпек болыпты. Алайда, дәл қиылыста автобус шыққандықтан, айналуға мәжбүр болған екен.

Осылайша, қоғамдық көлік салдарынан Ильяс қатты жылдамдықпен келе жатқан Mitsubishi көлігімен соқтығысып қалыпты.

Ильяс көліктен зардап шеккендерге көмектесу үшін шыққан. Алайда, жол апаты куәгерлері кінәлі адамды іздей бастапты.

"Ол адамдар рөлде менің отырғанымды білмеді. Бір мезетте олар "Жүргізуші қайда?" деп сұрап, менің көлігіме қарай жүгірді. Балағат сөздер айтты. Сол кезде мен тергеусіз сот басталып кететінін түсіндім", - деді Ильяс Кар.

Бұл жағдайдан соң кінәлі азамат оқиға орнын тастап, үйлердің арасымен қашып кеткен.

Айта кетейік, Ильяс Кар үш адамның өліміне себепкер болған жол апатына кінәлі деп айыпталып отыр. Қаза тапқандардың арасында актриса Шолпан Елгезекова да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779169-aktrisa-kaza-tapkan-zol-apaty-ilas-kar-okiga-ornynan-nege-kasyp-ketkenin-ajtty.html