RU

Алматылық қорғаушы 315 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталды

Жыл басынан бері Бас прокуратура бірнеше қылмыстық топты құрықтады. Солардың арасында Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі де бар деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда 315 мың пара алған қорғаушы қылмыс үстінде құрықталды
Көрнекі фото: kavkazplus.com: Facebook

Құрықталған тұлғалар бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі «Bank RBK» АҚ және «Қазкоммерцбанк» АҚ-нен ақша жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған куәгерлер мен күдіктілерден ақша бопсалаған.

Олар ақша берген жағдайда, "жауапкершіліктен босатамыз" деген жалған ақпарат беріпті.

16 ақпан күні 315 мың доллар көлемінде пара алған Алматы адвокаттар алқасының мүшесі Әлімбетов пен азаматша Аманғалиева қылмыс үстінде құрықталды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында БТА Банк" директорлар кеңесінің төрағасынан $1 млн АҚШ бопсалаған Ысқақов және уақытша жұмыссыз Д.Әлпиев пен Э.Сүлеймановты қылмыс үстінде 2019 жылдың 19-шы қаңтар күні 500 мың доллар пара алу үстінде ұсталған еді.

Тұтқындалғандардың барлығы кінәларын мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779175-almatylyk-korgausy-315-my-dollar-para-alyp-zatkan-zerinen-staldy.html