Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамшошырлық күйдегі пойыз вагоны алматылық тұрғынды шошытты (фото)

Опубликовано:

Алматы тұрғыны қаладан Қостанайға қатынайтын пойыздың сыртқы келбетін көріп, жағасын ұстаған. Редакцияға хат жолдаған бойжеткен вагонның іші-сыртында қарапайым тазалық талаптары сақталмағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Айтуынша, оны вагонның сыртқы келбеті алаңдатқан көрінеді. Ол өзінің редакцияға жіберген хатында:

"Алматы-Қостанай бағытындағы №043Т пойызының сыртқы келбеті жайлы айтқым келген еді. Вагондардың іші-сырты да қарапайым талаптарға сай келмейді", - деп жазған.

Мәселенің мән-жайын білу мақсатында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына хабарласқан болатынбыз.

"Бізге қарасты вагондар емес, ел бойынша жолаушылар тасымалының 80 пайызын біздің компания атқарса, қалған 20 пайызы жекеменшік компанияларға тиесілі. Аталған вагондар "Turksib Astana" жекеменшік компаниясының меншігі болып табылады" , - деп жауап берді жауапты компания.

Ал аталмыш компания өкілімен тілдескенімізде "Қатты аяз салдарынан вагондардың сыртқы бояуы түсіп жатыр. 22 ақпаннан бастап бұл вагондардың барлығы жолға шықпайтын болады. Ал вагондардың ішінде бәрі таза, тазалық нормалары сақталған",-деген жауап алдық.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі журналист "Астана-Семей" бағытындағы вагондардың скотчталған терезесі туралы хабарлаған еді. Артынша ұлттық компания өкілдері мәселені қолға алып, вагондар алмастырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779185-adamsosyrlyk-kjdegi-pojyz-vagony-almatylyk-trgyndy-sosytty-foto/

pixel