RU

Көктайғақ: Қарағанды-Астана тас жолында бірнеше көлік апатқа түсті

Бүгін таңертеннен түске дейін барлық көлік түрлері үшін жабық болған Астана-Қарағанды тас жолында оншақты жол апаты орын алды. Көктайғақ салдарынан бірден бірнеше көліктер соқтығысып қалып жатқан деп жазады NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos
"Қаза тапқандар жоқ. Себебі біздің бригадалар тас жолға шыққан жоқ" , - деді жедел жәрдем қызметінде.

Барлық орын алған жол апатының себебі бір бірдей болып шыққан. Көліктер тас жолдағы көктайғақ салдарынан бір-біріне соқтығысқан. Оған қоса, жүргізушілер тұманның кесірінен тек бір-екі метр арақашықтықты көре алады.

"Жол айна іспетті. Тым тайғақ" , - деді көлік жүргізушісі Владимир Маслов.

Бүгін таңертеннен бастап барлық жолдардағы тас жолдар жабылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779192-kktajgak-karagandy-astana-tas-zolynda-birnese-klik-apatka-tsti.html