Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте білім басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды

Опубликовано:

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары пара алғаны үшін құрықталды. Шенеунік қазір екі ай мерзімге қамауға алынған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: newsbel.by
Көрнекі фото: newsbel.by: Getty Images

Оған Қылмыстық кодекстің 66 бабы 3-ші бөліміне сәйкес айып тағылып отыр.

Шенеунік мектептердегі асханаларды жалға алған жеке кəсіпкерден жалға беру мерзімін ұзартып беремін деген уəдемен бір жарым млн теңгеге жуық ақша алмақ болған көрінеді.

"Шымкент қалалық тергеу сотының санкциясымен экс-шенеунік кепілсіз тергеу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды. Оған қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-ші бөлімімен айып тағылуда. Бүгін күдікті күзетпен бұлтртпай ұстау шарасын кепілге ауыстырмақ ниетте апелляциялық шағым келтірді", - деп мəлімдеді Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.

Ал қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі басқарма басшысының орынбасары құрықталған кезде еңбек демалысында болғанын алға тартты.

"Дəлірегі, ары қарайғы жұмыстан шығуы мен еңбек демалысын алу туралы өтініш қалдырған. Бұдан басқа ақпарат бере алмаймыз"-деп хабарлады басқармада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779222-symkentte-bilim-baskarmasy-bassysyny-orynbasary-paramen-staldy/

pixel